Спорт • 21 Қаңтар, 2021

Токио олимпиадасы қашан өтеді

280 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық Олимпиада комитеті пандемияға байланысты 2021 жылға шегерілген Токио Олимпиадасын тағы да болдырмауға ниетті емес. Бұл туралы ХОК мүшесі Ричард Пунт мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Токио олимпиадасы қашан өтеді

Пунттың айтуынша, егер пандемия аяқталмаса, онда ойын көрермендерсіз өткізілгені дұрыс болады.


Айта кетсек, Токио Олимпиадасы 2020 жылдың 24 шілдесі мен 9 тамызы аралығында өтуі керек еді. Алайда, коронавирустық пандемияға байланысты жарыстар бір жылға шегеріліп, 2021 жылдың 23 шілдесі мен 8 тамызы аралығында өткізуге шешім қабылданды. Дегенмен, ойынның атауы "Токио-2020" күйінде сақталды.


Токиодағы жазғы Олимпиада әлем тарихында кейінге қалдырылған ең бірінші ойындар болып отыр.

 

Айтолқын МЫРЗАКАРИМ