Пунттың айтуынша, егер пандемия аяқталмаса, онда ойын көрермендерсіз өткізілгені дұрыс болады.
Айта кетсек, Токио Олимпиадасы 2020 жылдың 24 шілдесі мен 9 тамызы аралығында өтуі керек еді. Алайда, коронавирустық пандемияға байланысты жарыстар бір жылға шегеріліп, 2021 жылдың 23 шілдесі мен 8 тамызы аралығында өткізуге шешім қабылданды. Дегенмен, ойынның атауы "Токио-2020" күйінде сақталды.
Токиодағы жазғы Олимпиада әлем тарихында кейінге қалдырылған ең бірінші ойындар болып отыр.
Айтолқын МЫРЗАКАРИМ