Аймақтар • 26 Қаңтар, 2021

Алматы облысында оқушыны жүк көлігі қағып кетті

136 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысының тас жолында жол апаты болып, жүк көлігі 8 жастағы баланы қағып кетті, деп хабарлайды  Egemen.kz

Алматы облысында оқушыны жүк көлігі қағып кетті

Алматы облыстық Полиция департаменті жол-көлік оқиғасына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғанын атап өтті.
«Howo» маркалы жүк көлігінің қатысуымен болған жол апатынан 8 жастағы бала оқиға орнында көз жұмды. Тергеу барысында бірқатар сараптама тағайындалды. Қылмыстық іс облыстық полиция департаменті қызметкерлері қарастырып жатыр», дейді полиция өкілі.

 

Аида ОРАЛБЕК