Спорт • 10 Наурыз, 2021

Ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионаты онлайн форматта өтеді

146 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

11 наурызда ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионаты басталады. Ел біріншілігі онлайн форматта өтеді, деп хабарлайды Еgemen.kz

Ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионаты онлайн форматта өтеді

Алдын ала мәлімет бойынша, ұлттық біріншілікке еліміздің барлық аймағынан 300-ден аса спортшы қатысады. «Биылғы қаңтардан бастап алдағы Азия чемпионатына қарқынды дайындалып жатырмыз. Бүгінде бапкерлер құрлық додасына қатысатын 17 ауыр атлетті таңдап алды. Оның ішінде жеті әйел, он ер адам бар. Қатысушылар есімін ел чемпионаты аяқталған соң жариялаймыз. Бұл жолы да біз жарысты үйреншікті онлайн форматта өткіземіз. Біздің спортымыз үшін бұл нұсқа ыңғайлы. Жарыстың өту барысына айтарлықтай кедергі келтірмейді. Екінші жағына, Азия чемпионаты қарсаңында спортшылардың вирус жұқтырып алу қаупінің алдын алады», дейді ұлттық құраманың бас бапкері Бақыт Ахметов.

Айта кетелік, турнир 17 наурызға дейін жалғасады.