Аймақтар • 28 Наурыз, 2021

Қарағандыда «Саран» шахтасынан өрт шықты

902 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шахтада транспортер таспасы мен ішкі қаптама жанып кетті, деп хабарлайды  Egemen.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қарағандыда «Саран» шахтасынан өрт шықты

«Арселор Миттал Теміртау» АҚ «Саран» шахтасында өрт шыққаны туралы хабарлама 28 наурыз күні сағат 15:36-да келіп түсті. Аумақта технологиялық кешеннің 2 галереясында транспортер таспасы мен ішкі ағаш қаптамасы жанған.

«+24 және +27 метр биіктіктегі 2 галерея құлады. Өрт 16:53-те сөндірілді. Жалын шарпыған аумақтың жалпы ауданы 350 шаршы метрді құрады. Өрт болған жерге су шашу және бұзу жұмыстары жалғасуда. Өрттің шығу себебі анықталуда», - деп хабарлады Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.