«Арселор Миттал Теміртау» АҚ «Саран» шахтасында өрт шыққаны туралы хабарлама 28 наурыз күні сағат 15:36-да келіп түсті. Аумақта технологиялық кешеннің 2 галереясында транспортер таспасы мен ішкі ағаш қаптамасы жанған.
«+24 және +27 метр биіктіктегі 2 галерея құлады. Өрт 16:53-те сөндірілді. Жалын шарпыған аумақтың жалпы ауданы 350 шаршы метрді құрады. Өрт болған жерге су шашу және бұзу жұмыстары жалғасуда. Өрттің шығу себебі анықталуда», - деп хабарлады Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.