Фото: yna.co.kr сайты
Yonhap агенттігінің хабарлауынша, жергілікті уақытта логистикалық орталық маңында жүк тасымалы саласы қызметкерлерінің кәсіподағы митинг өткізген. Наразылық шарасы CU дүкендер желісінің қойма кешені жанында ұйымдастырылған.
Куәгерлердің айтуынша, 2,5 тонна жүк көлігінің жүргізушісі жолын бөгеген топты айналып өтпек болған. Алайда соның салдарынан митингке қатысушыларды қағып кеткен. Оқиға орнында 1 адам көз жұмып, 2 азамат түрлі жарақат алған. Жүргізуші ұсталды, тексеріліп жатыр.
Оңтүстік Кореядағы ұшақ апаты болған әуежайдың құжаттарынан өрескел қате табылды
Арада көп уақыт өтпей, дәл осы аумақта тағы бір оқыс жағдай тіркелді. Кәсіподаққа тиесілі автокөлік полиция қоршауын бұзып өтіп, салдарынан 20 жастағы полицей жарақат алды. Бұл көліктің жүргізушісі де ұсталған.
Ақпаратқа сәйкес, қайғылы жағдайдан кейін митинг қатысушылары мен полиция арасында қақтығыс туындаған. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.
Оңтүстік Кореяның экс-президенті өмір бойына бас бостандығынан айырылды