Аймақтар • 22 Сәуір, 2021

СҚО-да өртенген саяжайдан ер адамның денесі табылды

232 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстік Қазақстан облысында саяжай учаскесінде өрт шығып,  65 жастағы ер адам қайтыс болды, деп хабарлайды  Egemen.kz СҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

СҚО-да өртенген саяжайдан ер адамның денесі табылды

Белгілі болғандай, оқыс оқиға 21 сәуір күні таңертең Петропавлдың «131 шақырым» ауданында орналасқан «Буревестник» саяжай қоғамдастығында болған.

«Өрт жайында хабарлама 101 нөміріне кеш түсті. Оқиға орнына жақын маңда өрт сөндіру бөлімінің болмауы да әсер етіп, өрт сөндірушілер келгенше от маңайға жайылып үлгеріпті. Өрт сөндірушілер жалынды сөндіруге 2 сағаттан артық күш жұмсады. Өкінішке қарай саяжай учаскесінің иесі – 1956 жылы туған ер адамның денесі табылды. Бір шатырдың астындағы үй, монша және гараж толық жанып кетті. Алдын ала болжам бойынша, отты абайсыз қолдану себеп болуы мүмкін», делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар

Шыбын-шіркей мазаны алып тұр

Мәселе • Бүгін, 09:55

Демалыс пен еңбек үйлессе...

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:50

Жемшөптің жай-жапсары

Ауыл • Бүгін, 09:40

Қос алыптың қасиеті

Тарих • Бүгін, 09:35

Асыл тұқымды түлік: Аз ба, көп пе?

Шаруашылық • Бүгін, 09:30