Белгілі болғандай, оқыс оқиға 21 сәуір күні таңертең Петропавлдың «131 шақырым» ауданында орналасқан «Буревестник» саяжай қоғамдастығында болған.
«Өрт жайында хабарлама 101 нөміріне кеш түсті. Оқиға орнына жақын маңда өрт сөндіру бөлімінің болмауы да әсер етіп, өрт сөндірушілер келгенше от маңайға жайылып үлгеріпті. Өрт сөндірушілер жалынды сөндіруге 2 сағаттан артық күш жұмсады. Өкінішке қарай саяжай учаскесінің иесі – 1956 жылы туған ер адамның денесі табылды. Бір шатырдың астындағы үй, монша және гараж толық жанып кетті. Алдын ала болжам бойынша, отты абайсыз қолдану себеп болуы мүмкін», делінген хабарламада.