Медицина • 21 Мамыр, 2021

Атырауда ауруханаларға ӨЖЖ аппараты берілді

262 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау қаласындағы ауруханаларға өкпені жасанды желдету аппараты берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда ауруханаларға ӨЖЖ аппараты берілді

Атырауда үш медицина мекемесіне өкпені жасанды желдету аппараты берілді.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, шетелдік «Эни» компаниясы өкпені жасанды желдетуге арналған VG70 модельді 6 аппаратты сыйға тартқан.

«Жаңа аппараттар облыстық балалар ауруханасына, Атырау қалалық перзентханасы мен облыстық туберкулезге қарсы диспансерге берілді. Қазір өңірде 4 МРТ, 13 компьютерлік томография, 273 өкпені жасанды желдету, 41 рентген аппараты, 669 оттегі концентраты, 1514 пульсоксиметр бар. Сондай-ақ ауруханаларда 8 оттегі стансасы іске қосылды», деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.