Атырауда үш медицина мекемесіне өкпені жасанды желдету аппараты берілді.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, шетелдік «Эни» компаниясы өкпені жасанды желдетуге арналған VG70 модельді 6 аппаратты сыйға тартқан.
«Жаңа аппараттар облыстық балалар ауруханасына, Атырау қалалық перзентханасы мен облыстық туберкулезге қарсы диспансерге берілді. Қазір өңірде 4 МРТ, 13 компьютерлік томография, 273 өкпені жасанды желдету, 41 рентген аппараты, 669 оттегі концентраты, 1514 пульсоксиметр бар. Сондай-ақ ауруханаларда 8 оттегі стансасы іске қосылды», деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.