Оқиға • 08 Маусым, 2021

Ақтөбеде екі көлік соқтығысып, 3 адам көз жұмды

228 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін сағат 16:00-де «ВАЗ 2110» маркалы автокөлігінің 55 жастағы жүргізушісі Ақтөбе қаласындағы К.Нокин даңғылы мен Шернияз көшесінің қиылысында «ЗИЛ 130» маркалы жүк көлігіне жол бермеді. Нәтижесінде, екі көлік соқтығысып, үш адам көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz

Ақтөбеде екі көлік соқтығысып, 3 адам көз жұмды

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан ВАЗ-2110 автокөлігінің жүргізушісі мен екі жолаушы (19 жастағы қыз бен 62 жастағы әйел) оқиға орнында көз жұмды. Сонымен қатар, тағы екі жолаушы мен 1 жасар бала түрлі дене жарақатын алып, ауруханаға жеткізілді. Ақтөбе облыстық полиция департаменті жүргізушілерден жол ережесін сақтауды сұрайды», деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді

Денсаулық • 05 Мамыр, 2024

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024