
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан ВАЗ-2110 автокөлігінің жүргізушісі мен екі жолаушы (19 жастағы қыз бен 62 жастағы әйел) оқиға орнында көз жұмды. Сонымен қатар, тағы екі жолаушы мен 1 жасар бала түрлі дене жарақатын алып, ауруханаға жеткізілді. Ақтөбе облыстық полиция департаменті жүргізушілерден жол ережесін сақтауды сұрайды», деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.