Қазақстан • 02 Шілде, 2021

Дархан Қыдырәліге ІІ сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежесі берілді

442 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәліге ІІ сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежесі берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Дархан Қыдырәліге ІІ сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежесі берілді

Бүгін Дипломатия қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай, бірқатар халықаралық ұйымдардардың басшыларына Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен дипломатиялық дәрежелер табыс етілді.

Атап айтқанда, ТҮРКСОЙ ұйымының Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов — Төтенше және Өкілетті елшісі дипломатиялық дәрежесін, Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі ІІ сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежесін иеленді.