Бүгін Дипломатия қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай, бірқатар халықаралық ұйымдардардың басшыларына Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен дипломатиялық дәрежелер табыс етілді.
Атап айтқанда, ТҮРКСОЙ ұйымының Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов — Төтенше және Өкілетті елшісі дипломатиялық дәрежесін, Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі ІІ сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежесін иеленді.