Руханият • 13 Шілде, 2021

Сирек кездесетін кітаптар сыйлады

367 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Әл-Фараби кітапханасы қорына белгілі ғалым Бақытжан Дүйсен­беков ғылыми-әдеби мазмұны бай, мағынасы терең, сирек кездесетін көне кітаптарды тапсырды.

Сирек кездесетін кітаптар сыйлады

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ басқарма төрағасы – рек­торы Жан­сейіт Түй­мебаев бұл рухани мұраның ерек­ше құндылығына тоқталып, «Ба­қытжан Әлішерұлы бүгін бізге үлкен миссиямен ке­ліп, ата-баба­сынан қалған және өзінің зерт­теушілік қабілетімен өмір бойы жинаған әдебиет, дін, т­арих, тіл, география салаларын қам­тыған жинақтарды Әл-Фа­раби атындағы Қазақ ұлттық уни­вер­ситеті кітапханасына арнайы тапсырып отыр.

Өте сирек кездесетін жәді­гер­­­лер араб, парсы, шағатай тіл­­де­­рінде жазылған, көне ға­сыр­­лардан бүгінгі дәуір аралы­ғын қам­тиды. Бұл еңбектердің ара­­сында Орталық Азия ғана емес, ерте кездерде дүние жү­зін­­де жа­рық көрген құнды кітап­­тардың үлгілері бар.Біз бұл ру­хани қазынаны кі­тапха­на­мызға қабылдап қана қой­май, шығыс­танушы, лингвист, тарихшы ға­лымдарымыздан жұ­мыс то­бын құрып, арнайы сарапта­ма жасап, оларды сұрыптап, тақы­рып­тық бағыттарына байланыс­­ты салаларға бөліп, нақты зерттеу­лер жүргізетін боламыз. Бұл кі­тап­тарды зерделеу барысында олар­дың мазмұнын жеке-жеке талдап, астарына үңіліп, ру­хани, ғылыми құндылығы­на нақ­ты ба­ғасын бе­ретін бола­мыз», деді.

Универсиет басшысы Бақыт­жан Әлі­шер­ұлына Әл-Фара­­би кітапха­­насына тапсырған құн­ды кітап­тары үшін оқу орны ұжы­­мы­ның атынан алғыс айтып, ел ішінде, жеке отбасылық қор­­да жатқан бабалар мұра­сын  кітапхана, мұ­ражайларға тап­сы­рудың ізгі дәстүрге айналды­руды  құп алатынын жеткізді. Бұл ке­йінгі жас ұрпақтың ұлт­тық таным-түсінігі мен ой-сана­сын да­мы­туға оң ықпалын тигізеті­нін атап өтті.

Бақытжан Әлішерұлының сө­зіне сүйенсек, университетке тап­сырылған 246 кітап атасы Дүй­сенбек Қабыланбайұлы ақсақал­дың жинаған мұралары екен.

Дүйсенбек Қабыланбайұлы жинаған кітаптар бұдан да көп болуы мүмкін. Өйткені кей­бір кітап­тар өзге адамдарға, туыс­­тарға сыйға беріліп кеткен көрінеді.

Универсиет кітапханасына тап­сырылған кітаптардың ішінде 1324 жылы Мысыр баспасынан шыққан Құран Кәрімнен бас­тап Пәкістан, Үндістан, Түркия, Қазан баспаларында басылған әдеби, тарихи, діни кітаптар бар.

 

«Егемен-ақпарат»