Елорда • 16 Тамыз, 2021

Нұр-Сұлтанда 37 мекеме жауапкершілікке тартылды

85 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өткен тәулікте елорданың мониторингтік топтары 10 кәсіпкерлік нысанда карантин талаптары сақталмағанын анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтанда 37 мекеме жауапкершілікке тартылды

Есіл ауданында карантин режимін 4 мекеме сақтамаған. Олардың арасында «Pinecone», «Текила» лаундж-барлары, «Loto club» лотерея клубы, «Opus One» мейрамханасы бар.

Сарыарқа ауданындағы «Арна», «El plaza», «Астау» мейрамханаларында, «Pirat bar» және «Skysmoke» кафе-барында да карантиндік шектеулер сақталмаған. Сондай-ақ, тәртіп бұзушылар тізіміне Алматы ауданында орналасқан «Томирис» кафесі де енді.

Айта кету керек, өткен үш күнде Нұр-Сұлтан қаласында 37 мекеме шектеу шараларын сақтамағаны анықталды.

Тәртіп бұзушыларға қатысты материалдар тиісті шаралар қабылдау үшін санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы уәкілетті органға тапсырылды.