Аймақтар • 28 Тамыз, 2021

Павлодар тұрғынының ауласында қарасора табылды

486 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өз бақшасында қарасора өсірген Павлодар қаласының тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Павлодар тұрғынының ауласында қарасора табылды

«Карасора» жедел алдын алу іс-шарасын жүргізу барысында Павлодар қаласындағы саяжай учаскесіндегі бау-бақшалардың бірінде 53 жастағы тұрғыннан 27 түп қарасора алынды.

«Сараптама қорытындысы бойынша тәркіленген зат салмағы 5 кг құраған  «марихуана» есірткі құралы болып шықты», деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Қуат Түсіпбеков.

Полиция күдіктінің бұрын бопсалау үшін сотталғанын атап өтті.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 300-бабы «Құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.