«Карасора» жедел алдын алу іс-шарасын жүргізу барысында Павлодар қаласындағы саяжай учаскесіндегі бау-бақшалардың бірінде 53 жастағы тұрғыннан 27 түп қарасора алынды.
«Сараптама қорытындысы бойынша тәркіленген зат салмағы 5 кг құраған «марихуана» есірткі құралы болып шықты», деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Қуат Түсіпбеков.
Полиция күдіктінің бұрын бопсалау үшін сотталғанын атап өтті.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 300-бабы «Құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.