Экономика • 04 Қазан, 2021

Агросектордың жартысынан көбін қаржыландырады

206 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Бірінші кредиттік бюроның #FCBAnalytics талдау орталығы өзекті мәселелерге, оның ішінде ауыл шаруашылығы саласына қатысты ақпараттық-талдамалық дайджесттер сериясын жалғастыруда.

Агросектордың жартысынан көбін қаржыландырады

Мемлекет қатысатын ұйым­дар­дың (оның ішінде кредиттік серік­тестіктердің) ауыл шар­уа­шылығы саласындағы ұйым­дарының алдындағы жиынтық несие қоржыны шамамен 850 млрд теңгені құрады. Бұл жалпы берешек көлемінің 65%-дан астамын құрайды. Тек бірнеше өңірде ғана екінші деңгейлі банктер кредит беру нарығындағы елеулі ойыншылар саналады. Алайда Бірінші кредиттік бю­роның деректері бойынша, олардың қоржынында на­рықтық және мемлекеттік қаржыландыру үлесі туралы біржақты ақпарат жоқ. Осылайша, берешектің жалпы көлеміндегі мемлекеттің үлесі 90%-ға дейін құрауы мүмкін. (Талдауға ауыл шаруашылығы қыз­метіне жататын негізгі ЭҚЖЖ бар ұйымдардың қарыз­да­ры енгізілді).

Қолдаудың тағы бір бағыты – субсидиялау. Бүгінде еліміздегі ауыл шаруашылығында 1 теңге субсидияға 4 теңге несие қаражаты келеді. Субсидиялар, сондай-ақ, әлсіз ирригация (әсіресе Қазақстанның сол­түс­тігінде) және ауыл шаруа­шылығы техникасының жо­ғар­ғы орташа жасы, ауыл шаруа­шы­лығының басты «техникалық және технологиялық» проблемаларын шешуге көмек­тесуге арналған.

Жалпы, тұқымға, тыңайт­қыш­тар мен пес­ти­цидтерге берілетін субсидиялардың жал­пы болжамды мөлшері кемінде 60 млрд теңгені құрайды. Бұл Qoldau жүйесінде 2021 жылдың бірінші жартысында берілген және/немесе мақұлданған өті­німдер бойынша ғана. Кәсіп­орындар осы уақыт ішінде 305,6 млрд теңге несие алды. Со­нымен қатар 84,3 млрд теңге – 2021 жылы мал шаруашылығын қолдауға арналған субсидия бюджеті болса, оның 57,2 млрд теңгесі тамыз айының басында төленген.

Ауыл шаруашылығы саласында қызмет ететін кәсі­порындар мен жеке кәсіп­кер­лерді несиелендіру өсуде. 2021 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша несие портфелі бір жыл ішінде 17,4%-ға немесе 194,5 млрд теңгеге ұлғайып, 1,3 трлн теңгеден асты. Белсенді несиелер саны да (жылына+41,5% – 118,3 мың бірлікке дейін), сондай-ақ қарызгерлер саны да (+22,9% – 54,2 мың бірлікке дейін) өсуде.
Ескі несиелер жабылғанына қара­ғанда, жаңалары жиі бері­леді: орта есеппен әр кәсіп­орынның 2,18 жабылмаған қарызы бар (2020 жылғы тамызда – 1,9). Несие қоржынының өсуі іс жүзінде Қостанай облысынан басқа барлық өңірде байқалады. Бірақ бұл жерде де қысқарту тек ескі, жұмыс істемейтін, ірі банктік қарыздардың есептен шығарылуына байланыс­ты болды.

Төлемдерді 90 және одан да көп күндік мерзімге кешік­тіретін несиелердің үлесі бір жыл ішінде 27,3%-дан 14,7%-ға дейін төмендеді. Соңғы 2,5 жыл ішінде несие қоржынының сапасы ең жақсы деңгейде. Бұл ретте жалпы жағдай жақ­сара түсуде. Банктік есептен шығару және жалпы несие қор­жынының өсуі аясында сапа­ның жақсаруы техникалық жа­ғ­ынан да байқалады. Бірақ оны есепке алсақ та, ауыл шаруа­шылығындағы мерзімін өткізіп алу үлесі нарық бойынша орташа көрсеткіштен жоғары. Несиелендіру, жалпы алғанда, айтарлықтай тәуекелді бағыт болып қалуда: әрбір бесінші қарыз бойынша мерзімін өткізіп алуға жол беріледі, ал жұмыс істемейтін несиелердің үлесі 14,6%-ды құрайды.

Айта кетелік, #FCBAnalytics – қаржы, несие беру нарығы, сондай-ақ Қазақстанның эко­но­микалық және әлеуметтік көрсеткіштеріне әсер ететін басқа да қызмет салалары бо­йын­ша статистикалық дерек­тер­ді өңдеуді жүзеге асыратын Бірі­нші кредиттік бюроның талдау орталығы.