Елордалық «Астана» футбол клубының әлі де чемпион атануға мүмкіндігі бар. Ол үшін Оралдың «Ақжайық» командасы Қостанайдың «Тобылын» жеңіп, «Астана» Түркістан облысының «Тұран» командасынан айласын асыруы керек. Алайда мамандар «Ақжайық» «Тобылды» тоқтатады дегенге сенбейді. Бірақ футболда түрлі нәтижелер тіркеліп жатады емес пе? Айта кетейік, Қазақстан премьер-лигасының осы маусымында Алматының «Қайраты» қола жүлдегер атанды.
Бүгін футболдан Қазақстан премьер-лигасының осы маусымдағы соңғы ойындары өтеді. Жанкүйерлер үшін ел чемпионы анықталатын «Ақжайық» пен «Тобыл», «Астана» мен «Тұран» арасындағы ойындар қызық болары сөзсіз, деп хабарлайды Egemen.kz.
Димаш Құдайбергеннің ағылшын тілінде жаңа әні жарыққа шықты
Өнер • Бүгін, 00:46
Жайық өзеніндегі су деңгейі төмендеп жатыр
Төтенше жағдай • Кеше
Қатты жауын-шашын, үсік: 28 сәуірде ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Кеше