
Елордалық «Астана» футбол клубының әлі де чемпион атануға мүмкіндігі бар. Ол үшін Оралдың «Ақжайық» командасы Қостанайдың «Тобылын» жеңіп, «Астана» Түркістан облысының «Тұран» командасынан айласын асыруы керек. Алайда мамандар «Ақжайық» «Тобылды» тоқтатады дегенге сенбейді. Бірақ футболда түрлі нәтижелер тіркеліп жатады емес пе? Айта кетейік, Қазақстан премьер-лигасының осы маусымында Алматының «Қайраты» қола жүлдегер атанды.