Taza.kz
Табиғат МҰСЫЛМАНҚҰЛ
Табиғат МҰСЫЛМАНҚҰЛ«Egemen Qazaqstan»
2418 материал табылды

Аймақтар • Бүгін, 09:02

Күкірт қышқылы зауыты іске қосылды

Ұзақ жылдан бері Жамбыл өңірі химия өнеркәсібінің локомотиві екенін дүйім жұрт жақсы біледі. Әуелде фосфор өндірумен аты әлемге танылған облыс­­та кейінгі жылдары көптеген жаңа кәсіп­орындар мен зауыттар салы­нып жатыр. Солардың бірі – ресейлік «ЕуроХим-Қаратау» ЖШС-не қа­расты күкірт қышқылы зауыты. Облыс аумағында бұған дейін химия­ са­ласы бойынша 44 орта және ірі кәсіпорын жұмыс атқарыпты. Ал жа­ңа­дан ашылған кәсіпорын 45-зауыт ретінде тіркеліп отыр. 170 млн дол­лар инвестиция құйылған өндіріс ошағы бірер күн бұрын жұмысты бастап кетті.

Экономика • 21 Мамыр, 2026

Қант зауытының «жыры» немесе шаруалар биыл да шырылдап қалмай ма?

Қант қызылшасы өндірісінде Жамбыл облысы еліміздегі көшбасшы өңір санатына жатады. Мұнымен, әрине, мақтануға болады. Алайда кейінгі жылдардағы шаруалардың дабыл қағуы, өнім қабылдауға келгенде қант зауытының әлеуеті жетпей қалуы секілді мәселелер кімді де болса толғандырмай қоймаса керек.

Қоғам • 14 Мамыр, 2026

Жасөспірімдер трагедиясы қоғамды ойландырып тұр

Жамбылдықтар кейінгі уақытта жасөпірімдер арасындағы трагедияға қатты алаңдайтын болды. Жергілікті атқарушы билік өкілдері мен құқық қорғау органдары жұмылған жұдырықтай бірлесе іске кіріссе де, араға айлар салып, жасөспірімдер арасында қайғылы оқиғаның тіркелуі тоқтамай тұр.

Оқиға • 12 Мамыр, 2026

Жамбыл облысында 200-ге жуық омарташы кәсібін тастауға мәжбүр: Субсидия жыры қашан бітеді?

Жарты мыңнан астам жамбылдық омарташының 200-ге жуығы сүйікті кәсібінен бас тартуға мәжбүр болып отыр. Олар субсидия сергелдеңінен зәрезап болғандықтан, сондай қадамға барған, деп жазады Egemen.kz.

«Таза Қазақстан» • 17 Сәуір, 2026

Он мың ағаш егілді

Жамбыл облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ауқымды жұмыс атқарылып жатыр. Жалпыұлттық сипат алған науқанға барлық сала өкілдері мен қала, аудан, ауыл халқы атсалысып отыр. Облыс орталығы Тараз қаласын абаттандыру да жүйелі іске асып келеді.

Қоғам • 17 Сәуір, 2026

Үш айда 32 адам қаза тапты

Қара жол қателікті кешірмейтіні баршаға мәлім. Түн ауса, қала көшелерінде көлікпен құстай заулайтын «шумахарлердің» желпініп жарысқа түскенін талай көрдік. Жылдамдықты шектен тыс асырудың салдарынан қанша адам бақилық болды? Облыстық полиция департаментінің басшылары жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында біраз шараны қолға алып, жұмыс істеп жатыр. Әйтсе де, жол үстідегі жүгенсіздік азаяр емес.

Таным • 10 Сәуір, 2026

Қара шалдың жан ариясы

Кісі тағдыры толассыз арпалыстан тұрса керек. Жарық күнді жылап қарсы алған сәби де жылдар жылыстағанда, қартайған шақта, анығы сағаты соғатын сәт таяғанда көз жасын сығуға шамасы жетпейді. Әр кісінің өз тағдырына тән драмасы бар. Ал жас күні көз ұшынан жырақтаған қарияның жан ариясы кімді де болса бейжай қалдырмайды. Өйткені фәни жалғанның күресі таусылмақ емес.

Денсаулық • 03 Сәуір, 2026

Донорға тәуелді өмір

Осыдан он шақты жыл бұрын «Елімізде тұңғыш рет жүрек алмастырды, бірінші рет бауыр ауыстыру операциясы ойдағыдай өтті» деген хабарға жұрт тосырқай, таңырқай қарайтын еді. Қазір мұндай мәліметпен елді елең еткізе алмайсыз. Өйткені кейінгі бірнеше жылдың бедерінде бұл жаңалыққа құлақ үйреніп қалды. Бүгінде бауыр, бүйрек, жүрек трансплантациясын жасау проблема емес. Дегенмен донор мәселесі мамандардың бас ауруына айналғаны ақиқат.

Өндіріс • 03 Сәуір, 2026

Таразда екі зауыт іске қосылды

Елімізде мәрмәр ұнтағы мен құрғақ құрылыс қоспаларына деген сұраныс жыл өткен сайын артып келеді. Алдағы уақытта Қазақстанның қай қиырында болсын, құрылыс қарқыны үдей түспесе, баяуламайды. Осы орайда ішкі нарық сұранысын қанағаттандыру мақсатында Таразда екі бірдей зауыт іске қосылды.

Еңбек • 28 Наурыз, 2026

Гүл өсіріп табысын еселеген студент

Тараздық студент кәмелет жасына жеткенде миллионер атанып үлгерді. 18 жастағы Қайырбек Байғабыл біршама уақыт бұрын гүл өсіріп, табыс табуға тәуекел еткен. Саннан бұрын сапаға ден қойған өрімдей жас әуелі Нидерланд пен Қытай еліндегі нарықты зерделеп, аталған мемлекеттерден гүл көшеттеріне тапсырыс берген. Дербес азамат ретінде кәсіп бастауға бел буған студенттің ісі бірден алға басқан. Өйткені оның отбасына бұл шаруа таңсық емес.

Яндекс.Метрика