
Өндіріс • Бүгін, 09:20
«Ақсай Жуалы» зауыты іске қосылды
Ауыл тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамтудың алғышарты – өңірлерге ауқымды инвестиция тарту. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ішкі және сыртқы инвестицияны тартудың маңыздылығын қай кезде де назардан тыс қалдырған емес. Президент тапсырмасын жергілікті атқарушы билік өкілдері де қолдан келгенше сапалы жүзеге асыруға бекініп жатқаны даусыз. Жамбыл өңірінде де инвесторлар тарту арқылы өңір экономикасын арттыруға басымдық берілген. Бұл бағытта жауапты азаматтардың араласуымен біршама жұмыс атқарылып жатыр.
Аймақтар • 01 Тамыз, 2025
Қайтарылған қаржының игілігін халық көреді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев екі жыл бұрын «Заңсыз иемденген активтерді мемлекетке қайтару туралы» заңға қол қойғаны белгілі. Әлеуметтік әділдікті орнатып, заңсыз иемденген қаражатты мемлекет меншігіне қайтаруды көксеген заң аясында Жамбыл өңірінде біршама жұмыс атқарылды.
Қоғам • 01 Тамыз, 2025
Меркі ауданында ақын, Қазақстанның құрметті жазушысы Шырын Мамасерікованың мерейтойы кеңінен аталып өтті. Әдеби кешке жиналған қауым әуелі Жауғаш батыр ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, рухына тағзым етті. Бұдан соң аудандық мәдениет үйінің фойесіне қойылған «Ақ Шырын, ақын Шырын, ана Шырын» атты кітап көрмесін тамашалады.
Медицина • 31 Шілде, 2025
Жүйеге тіркелу көрсеткіші көңіл көншітпейді
Кейінгі жылдары мемлекет әлеуметтік салаға айрықша назар аударып отыр. Әлденеше жыл бұрын басталған міндетті әлеуметтік сақтандыру (МӘМС) жүйесі ұдайы жетілдіруді қажет ететінін Парламент депутаттары үлкен мінберлерден талай рет айтты. Мемлекет басшысы да МӘМС мәселесін назардан тыс қалдырған емес. Үкіметтің кеңейтілген отырысында да бұл маңызды тақырып бірнеше рет талқыланды.
Аймақтар • 29 Шілде, 2025
Жамбылдағы мұраны Жапонияда зерттейді
Жапон ғалымдары Жамбыл жеріне ат басын бұрып, археологиялық қазбаға кірісті. Еліміздің белгілі академиктерімен бірлесе жұмыс істеуге бекінген олар Бүйрекбастау-Бұлақ тұрағын зерттеуге ниеттеніп отыр екен. Біздің заманымызға дейінгі 16 мың жыл бұрынғы тарихты аршуға бел буған ғалымдар зерделеу жұмысын тұрақтың топырақ қабатын зерттеуден бастамақ.
Шаруашылық • 24 Шілде, 2025
Аптап ыстығы апшыны қуыратын жаз мезгілі жетсе, жұрттың ағын судан айтарлықтай тарығатыны белгілі. Ебін тапқандар жол бойынан өзен суын өз алқабына бұрып алып, диқандардың шамына тиген кез де аз емес.
Медицина • 16 Шілде, 2025
Кейінгі уақытта тараздық дәрігерлер күрделі операцияны жиі жасап жүр. Бұл жолы Тараз қалалық көпбейінді аурухана мен консультациялық-диагностикалық орталықтың білікті дәрігерлері мидың самай бөлігіндегі көлемді ісікті алу үшін тәуекелге бел буды. Науқастың жағдайын жан-жақты зерделеген ақ халатты абзал жандар жедел іске кіріскен.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 15 Шілде, 2025
Заманауи кірпіш зауыты іске қосылды
Кейінгі уақытта Жамбыл өңірінде бірнеше инвестициялық жоба іске асырылып жатыр. Біршама уақыт бұрын Байзақ ауданына қарасты Үлгілі ауылында шыңдалған шыны шығаратын кәсіпорын жұмысын бастаса, енді Диқан ауылында заманауи кірпіш зауыты іске қосылды.
Өнер • 10 Шілде, 2025
Облыс әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту басқармасына қарасты халық шығармашылығы орталығының ұйытқы болуымен «Әулиеата әуендері» жобасының үздіктері сахна төріне көтеріліп, гала-концерт қойды. «Ерлік» мемориалдық кешеніндегі «Жеңіс» саябағында өткен думанды кешке тараздық өнерсүйер қауым көп жиналды.
Өнер • 05 Шілде, 2025
Ұлттық аспап туралы сөз қозғала қалса, Мұңлық пен Зарлық туралы аңыз сананы сілкілеп, ойыңды онға бөліп, жүрек пен жүйке тамырларын шырқырата түсетіні сөзсіз. Қос ішектен төгілген күй көңіл пернесін дөп басқанда, толқымайтын, шалқымайтын адам кемде-кем шығар. Ханға қаралы хабарды естірткен қасиетті аспаптың құдіретін сезінбеу әсте мүмкін емес. Кетбұғаның «Ақсақ құланынан» жеткен үн жүрегіңді жұлқылай түсетіні де даусыз.