Аймақтар • 29 Маусым, 2024
Жыл өткен сайын өндіріс қуатын арттыруға басымдық берген «Әулие-Ата Феникс» құс фабрикасының басшылары қазіргі кезде ішкі нарықты қамтумен шектеліп отырған жоқ. Құс етінен өндірілген өнімдер алыс-жақын шет мемлекеттерге экспортқа шығарылып жатыр. Уақыт алға жылжыған сайын өндіріс қуатын арттыруға ден қойған фабрика ұжымы діттеген мақсатқа жету жолында аянып қалмайтыны анық.
Мирас • 28 Маусым, 2024
Облыс әкімдігінің қолдауымен, мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, Кенен Әзірбаев атындағы облыстық филармонияның ұйытқы болуымен Жамбыл облысының 85 жылдығы және Кенен Әзірбаевтың 140 жылдығына орай «Көне Тараз күмбірі» атты үшінші республикалық фольклорлық ансамбльдер байқауы өтті.
Жәдігер • 26 Маусым, 2024
Облыстық тарихи-өлкетану музейінде әр дәуір мәдениетінен сыр шертетін дүниелер аз емес. Мұндағы құндылықтардың бірқатар бөлігі көне шаһардағы қазба жұмыстары кезінде табылса, енді қалған бір бөлігін қала тұрғындары өздері арнайы өткізген екен.
Білім • 25 Маусым, 2024
Құрғақшылықтан құтқаратын жоба
Өңірде инновациялық жобалар әзірлеуге ден қойған оқушылар жеткілікті. Олар көптеген саладағы олқылықтарды жоюға қолдан келгенше үлес қосқысы келеді. Жаңа технологияның дәуірі туғанын түсінген жасөспірімдер қайткен күнде де жаңа қадам арқылы жаңалық әкелуге тырысып жүр.
Әдебиет • 24 Маусым, 2024
«Махаббатқа керек емес кіріспе»
Оның жүрегіне жалғыздық шоғы түсіп кеткен бе дерсің. Әйтеуір аз ғана өлеңдерінен осындай сарын, жалғыздың мұңы мен шер-зары байқалып тұрады. 19 жыл өмір сүрген ақынның өлеңдеріндегі ой-өріс пен таным-түсінік мүлде басқаша. Уақытынан бұрын есейген жанның толғамы сені де толғандырмай қоймайтын секілді.
Туризм • 21 Маусым, 2024
Жердің көркіне телінетін Меркінің табиғатына тамсанған көз тойсын ба? Мұндағы сұлулық көздің жауын алады. Тау ішіне кірген сайын небір сұлулыққа куә боласың. Ал шипажайдың жоғары жағында, қырғыз елімен шекарада орналасқан үңгір ішіне дендеп енген сайын шіліңгір шілденің аптап ыстығы есіңнен шығып кетеді...
Әскер • 19 Маусым, 2024
Әскердегі әлімжеттік: Жағдай неге ушыға береді?
Отан алдындағы борышын бұрынғы одақта өтеген асқар тау әкелеріміз бен ардақты ағаларымыз әскери өмір туралы майын тамызып әңгімелегенде аузымыздың суы ағатын. Тіпті олардың армияда түскен суреттерінен жасалған фотоальбомды көріп таңғалушы едік.
Мәдениет • 19 Маусым, 2024
Бауырлас ел ақындары елдікті жырлады
Боз даланың бозторғайы атанған Кенен Әзірбаевтың мұрасы мәңгілік екеніне күмән жоқ. Биыл Кенекеңнің туғанына 140 жыл толып отыр. Әйгілі халық ақыны, композитор, әнші Кенен Әзірбаевтың мерейтойына қатысты іс-шараның бастауы тұлға туған топырақ Қордай жерінен басталуы заңдылық секілді.
Жоба • 18 Маусым, 2024
«JasSaq»: Өңірлік жобаны өміршең жобаға айналдыру
Ұмыт болған дәстүрді ұлықтауды жамбылдық жастар өткен жылы бастады. «JasSaq» телевизиялық этнореалити жобасы 2023 жылы облыстық деңгейде ұйымдастырылса, осы жылы республикалық деңгейде өткізілді. Облыс әкімдігі жастар саясаты басқармасы мен жергілікті «Jambyl» телеарнасының бірлескен жобасын еліміздің әр қиырындағы жастар жұмылған жұдырықтай қолдады.
Аймақтар • 18 Маусым, 2024
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2023 жылдан бастап, «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» қанатқақты ұлттық жобасы қолға алынған болатын. Бір жыл бұрын басталған жоба биыл да сәтімен жалғасып жатыр.