Спорт • Кеше

Алматылық командалар топ жарды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шерхан Мұртаза атын­дағы Тараз университеті мен «Ауыл» партиясының ұйытқы болуымен волейболды отырып ойнаудан ел чемпионаты өтті. Тараз төрінде алғаш рет ұйымдастырылған додаға еліміздің әр қиырынан 6 команда қатысып, өзара кім мықтыны анықтады.

Алматылық командалар топ жарды

«Мүмкіндігі шектеулі спортшыларды қолдау, пара спортты өркендету мақсатында біздің университет волейболды отырып ойнау спортын дамытуға қолдан келгенше қолдау көр­сетіп жүр. Додаға Астана, Ал­маты қалалары мен Жетісу, Батыс Қазақстан облысы секілді бірнеше өңірден командалар қатысты. Алдағы уақытта да мүмкіндігі шектеулі, қабілеті шексіз азаматтарға қолдау көр­сету жұмысы тоқтамайды», дейді университет ректоры Махметғали Сарыбеков.

Ел чемпионатында топқа түскен командалардың барлығы жеңістің биік тұғырынан кө­рінуге тырысты. Мүмкіндігі шектеулі демесеңіз, олардың жанкештілігі кәсіби спортшылардан еш кем түспейтіні байқалды. Әрбір нәтижелі ұпай­ға шынайы қуанған олар­дың жүзінен шаттық табы айқын көрініп тұрды.

Чемпионат қорытындысында Алматы облысының қыздары жеңістің ең биік тұғырынан көрінсе, екінші орын Алматы қаласының аруларына бұйырды. Астанадан келген қыздар үздік үштікті түйіндеді. Жарысқа қатыс­қан барлық команда қомақты қар­жылай сыйлыққа ие болды.

М.Сарыбековтің айтуынша, спорттың осы түрін дамытуға қатысты алдағы уақытта да ауқымды жұмыс атқарылады. Уни­верситет басшылығы пара спорт­шыларды қолдауға айрық­ша басымдық беріп отыр.

 

ТАРАЗ 

Соңғы жаңалықтар