
Аймақтар • 08 Қараша, 2024
Жасыл энергияға басымдық берген өңір
Соңғы жиырма жыл иінінде жаһан жұрты жаңартылған энергия көздерін дамытуға басымдық беріп отыр. Әлемдік деңгейдегі ғалымдар да жыл өткен сайын жаңартылған энергия көздеріне деген тәуелділік артатынын нақты деректермен дәйектеп жүр. Олар келтірген мәліметке сенсек, ширек ғасырдан соң әлем елдеріндегі жасыл энергияның үлес салмағы 35 пайызға жетуі бек мүмкін.
«Таза Қазақстан» • 06 Қараша, 2024
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталғалы бері қоршаған ортаның тазалығы жолында өңір азаматтары жұдырықтай жұмылып іске кірісті. Өңірде осы күнге дейін 800 мыңнан астам тұрғын атсалысқан акция көктем мезгілі басталғалы бері бір сәтке де тоқтаған жоқ. Облыс орталығы Тараз қаласында акция аясында ондаған сенбілік ұйымдастырылды. Оған барлық салада еңбек ететін азаматтар жұмылдырылды.
Аймақтар • 02 Қараша, 2024
Талантты балалар тасада қалмайды
Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келген Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев бастаған топ әуелі «Мыңбұлақ» шағын ауданында орналасқан өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығына ат басын бұрып, мұнда тәлім алып жатқан жасөспірімдердің жай-күйімен, орталықтың жұмысымен танысты.
Аймақтар • 01 Қараша, 2024
Кәріз су кешені салынатын күн жақын
«Елу жылда ел жаңа» дегенді жиі айтып жатамыз. Әйткенмен, тәуелсіздік алғалы бері отыз жылдан астам уақыт өтсе де, Тараз қаласы мен онымен жапсарлас Жамбыл ауданы жұртшылығының жүйкесін жұқартқан кәріз суы кешенін салу мәселесі кейде тіпті шешімін таппайтындай көрінетін. Олай емес екен. Тұрғындар тілегі орындалатын болды. Жергілікті атқарушы билік жұрт жанына батқан түйінді шешуге ниетті.
Өндіріс • 30 Қазан, 2024
Өлкедегі өндіріс үдерісі үзілмейді
Өңірге шетелдік инвесторларды тарту арқылы жаңа өндіріс орындарын құру жұмысы сәтімен жүзеге асып жатыр. Осы жылы Әулиеата жерінде шетелдік бірнеше компанияның келуімен жаңа зауыттардың құрылысы басталды. Ал біршама уақыт бұрын басталған кейбір өндіріс ошақтары осы жылы пайдалануға беріледі.
Аймақтар • 25 Қазан, 2024
Жаңа нысандар пайдалануға берілді
Соңғы жылдары Әулиеата өңірінде әлеуметтік нысандардың құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Бірнеше жылдың бедерінде бірқатар медициналық мекемелер, басқа да маңызды ғимараттар өңір халқының игілігіне пайдалануға берілді. Бұл үрдіс мерейлі мереке Республика күні қарсаңында да жалғасты. Әсіресе аудан орталықтарынан шалғайда орналасқан елді мекен тұрғындары мерекенің шарапатын айрықша сезініп отыр.
Аймақтар • 23 Қазан, 2024
Тараз қаласының аумағы жыл өткен сайын ұлғайып, халық саны артып келеді. Жаңадан бой көтерген шағын аудандарда халық тығыз орналасқан. Мәселен, бірер жыл бұрын «Ұлы дала» шағын ауданына санаулы бағытта ғана қоғамдық көлік қатынаған болса, кейінгі уақытта жаңа бағытта жүретін автобустар саны көбейді.
Қылмыс • 18 Қазан, 2024
Тараз қаласында оқушылардың қатысуымен 18 қылмыс тіркелген
Құқық қорғау органдары қолдан келгенше жұмыс атқарып жатса да, жаөспірімдер арасындағы қылмыс жойылар емес. Біраз уақыт бұрын Байзақ ауданында болған қайғылы оқиғадан қоғам сабақ алатын күннің ауылы алыс секілді, деп жазады Egemen.kz.
Байқау • 18 Қазан, 2024
Кенен Әзірбаев әндерін ел арасында кеңінен насихаттауға арналған «Шырқа, даусым» республикалық байқауы биыл да өз деңгейінде өтті. Он екінші рет өткізілген дәстүрлі өнер додасына еліміздің әр қиырынан арнайы келген 18 үміткер қатысып, кең тынысты Кенен әндерін шырқады.
Аймақтар • 15 Қазан, 2024
Алдағы уақытта облыс орталығының аумағы көрші аудандардан қосылатын елді мекендер есебінен кеңейе түседі. Соған қарап-ақ қала халқының саны жыл өткен сайын арта беретінін болжау қиын емес. Тұрғындар саны көбейген сайын жаңа жұмыс орындарын құру қажеттілігі туындайды.