Аймақтар • 03 Сәуір, 2024
Кейінгі жылдары техникалық және кәсіби білім беретін оқу орындарына айрықша назар аударылып отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында да бұл мәселеге айрықша ден қойып, жұмысты жандандыру қажеттігін атап өтті.
Медицина • 03 Сәуір, 2024
Медицина саласын дамытуға билік тарапынан үлкен қолдау көрсетіліп жатқаны рас. Жыл өткен сайын дәрігерлердің жалақысы да еселеніп артып келеді. Оны жамбылдық дәрігерлер де айқын сезініп отыр. Өңірде 16 мыңға жуық медицина қызметкері бар болса, оның 3 500-ге жуығы дәрігерлер екен. Өткен жылдың соңындағы дерек осылай дейді. Бір қарағанда дәрігерлер де, орта буын мамандары да жеткілікті сияқты көрінеді.
Аймақтар • 02 Сәуір, 2024
Еліміздің солтүстік, шығыс және батыс өңірлеріндегі су тасқыны салдарынан зардап шеккен халықтың қарасы қалың. Өткен жылы Жамбыл өңірінде де қар қалың түскені белгілі. Асқақ Алатаудың басындағы қалың қар әлі толыққанды еріген жоқ. Қысқасы, сақтанғанның қапы қалмайтыны анық.
Жәдігер • 28 Наурыз, 2024
Облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорында ықылым заманнан жеткен жәдігерлер жеткілікті. Солардың бірі – байырғы шеберлердің қолынан шыққан қола шырағдан. Дерекке жүгінсек, әуелі шырағдандар орта ғасырларда саз балшықтан әзірленсе, кейіннен қоладан құйылыпты.
Аймақтар • 26 Наурыз, 2024
Наурызнаманың Жаңару күнінде облыс орталығы Тараз қаласы мен өңірдің бірқатар ауданында «Жасыл желек – жердің көркі» акциясы ұйымдастырылып, көшеттер отырғызылды.
Аймақтар • 22 Наурыз, 2024
Мұқтаж отбасыларға қолдау көрсету мақсатында Жамбыл облысында өңірдің бұрынғы басшысы, марқұм Бердібек Сапарбаевтың қолдауымен «Асарлатып үй салу» жобасы қолға алынған еді. Бұл игі бастама әлі де өміршең болып тұр.
Өнер • 22 Наурыз, 2024
ВАТИКАН МУЗЕЙІНДЕГІ ҚАЗАҚ ҚОБЫЗЫ
Қазақтың ұлттық музыкалық аспабы қобызға ұқсас аспаптар әлемнің көптеген елінде бар. Алайда Қорқыт бабаның шер-зарын жетер жеріне жеткізген қасиетті қобыздың жөні қашанда бөлек. Қайбір жылы Әулиеата төрінде дәстүрлі республикалық «Жезкиік» қобызшылар байқауы өтпей қала жаздады. Сол кезде «кәсіби қобызшылар да Қызыл кітапқа еніпті ғой» деп қапа болған едік. Олай емес екен...
Аймақтар • 17 Наурыз, 2024
Наурызнаманың төртінші күні – Шаңырақ күніне орай Тараз қалалық ішкі саясат бөлімі мен «Анаға тағзым» орталығының бірлесе ұйымдастыруымен «Өнегелі отбасы – ел тірегі» тақырыбында іс-шара өтті.
Энергетика • 15 Наурыз, 2024
Жасыл энергия үлесі ұлғайып келеді
Жаһан жұрты жаңартылған энергия көздерін дамыту мәселесіне айрықша назар аударып отырғаны анық. Дерекке жүгінсек, ширек ғасырдан кейін әлем бойынша энергетикалық теңгерімдегі жаңартылған энергияның үлес салмағы 35 пайызға жетуі ықтимал.
Тағзым • 14 Наурыз, 2024
Сүйегіне сөз сіңген белгілі журналист, қоғам қайраткері Баттал Жаңабайұлының дүниеден озғанына да көп уақыт өткен жоқ. 95 жасқа қараған шағында бақилық болған сөз зергеріне деген жамбылдықтардың құрметі бөлек.