
Өндіріс • 19 Қыркүйек, 2024
Натрий цианидін өндіретін зауыт
Еліміз бойынша натрий цианидін өндіретін алғашқы зауыт Талас ауданының аумағына салынған еді. Өткен жылы «Talas Investment» ЖШС шет мемлекеттерден тасымалданатын шикізатқа деген тәуелділікті түбірімен жойды. Алтын өндірісіне айрықша қажетті бағалы металды басқа қоспалардан ажырату үшін қолданылатын реагент Жамбыл облысында өндіріліп жатқанына да он жылдан асты.
Ән • 19 Қыркүйек, 2024
Мәтіні мен әуені үйлесім тапқан әннің жүрекке жылы тиетіні бар. Кейде әр адам өзінің бозбалалық шағын, балалық кезін аңсайтын, сағынатындай көрінеді. Көңілдің түкпірінде қалып қойған ескірмейтін шығармалар сағымға айналған сол бір мөлдір жылдардың естелігін есіңе салатын секілді. Ішкі жан дүниеңде беймәлім бір аласапыран күй ойнап қоя береді. Жаныңды тыныштандырғың келіп, ретроға айнала бастаған әндерді тыңдайсың...
Туризм • 17 Қыркүйек, 2024
Шыны керек, бұрын өңірдің кейбір адамы туризмді «бейіт басындағы бизнес» секілді көретін. Мәселен, Алматыға барғанда ел аралап, жер көріп, таным көкжиегін кеңейтіп жүрген туристерді байқасақ, өңірге келген шетелдіктерді Айша бибі мазарының қасынан ғана көз шалатын. Оның өзінде аса көп емес. Көзімізге бөтендеу көрінетін үнді, араб секілді бірнеше ұлт өкілін байқаған кезіміз бар, әйтеуір...
Құрылыс • 13 Қыркүйек, 2024
Облыс орталығы Тараз қаласында кейінгі жылдары негізгі көшелердің жолын жөндеу, жаңадан жол салу жұмыстары қарқынды түрде жүргізіліп жатыр. Ұзақ жылдар бойы «Сапалы жолдың азабын тартып жүрміз. Бізге қашан дұрыс жол салынады?» деп жергілікті атқарушы билікке базынасын айтып келген «Бурыл» тұрғын алабы тұрғындарының да мәселесі оңынан шешіле бастады.
Аймақтар • 13 Қыркүйек, 2024
Өңірдің 85 жылдық торқалы тойы аясында аудандарда «Мәдениет – асыл қазынам» тақырыбында мәдениет күндері өткізіліп жатыр. Іс-шараға еліміздің әр қиырында еңбек етіп жатқан мәдениет майталмандары, өнер жұлдыздары да үлес қосуға ниетті.
Еңбек • 11 Қыркүйек, 2024
Қазір ерінбеген адам үшін кәсібін ашып, нәсібін табуға мүмкіндік мол. Әсіресе алтын бесік ауылдан іргесін алыстатпаған ағайынға жасалып жатқан қамқорлық аз емес. Кіндік қаны тамған жерде тұрып-ақ төрт түлік өсіріп, көл-көсір табыс табуға ұмтылып жатқан отбасылар жеткілікті. Олар жеңілдетілген пайызбен несие алып, «Ауыл аманаты» бағдарламасының шарапатын көріп отыр.
Аймақтар • 06 Қыркүйек, 2024
Қала аумағы ұлғаятын күн жақын
Біршама уақыт бұрын облыс орталығы Тараз қаласының аумағы айтарлықтай ұлғаятыны туралы әңгіме жиі айтыла бастаған еді. Тіпті, жаңадан құрылатын екі ауданға «Алатау», «Қаратау» деп ат қою туралы ұсыныстар да болған. Баянды бастаманы жүзеге асыратын күн алыс емес. Қазіргі кезде қала басшылығы осы бағытта жұмыс атқарып жатыр.
Құқық • 06 Қыркүйек, 2024
Ата-ана құқынан айырылғандар азаяр емес
Кәмелет жасына толмаған жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша өңірде ауқымды жұмыс атқарылып жатыр. Нәтижесінде, осы жылдың алғашқы жеті айында жасөспірімдердің қатысуымен жасалған қылмыс саны 18,2 пайызға азайған. Алайда салада шешімін күткен өзекті мәселелер де баршылық.
Өндіріс • 06 Қыркүйек, 2024
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев өңірге әлеуетті инвесторларды тартуға айрықша назар аударып отыр. Осы жылы Шу ауданы аумағында орналасқан «Шатыркөл» кен байыту фабрикасы іске қосылды. Таяуда ғана техникалық тұрғыдан жұмысын бастаған жаңа зауыт толық қуатында жұмыс істеген кезде жылына 98,6 мың тонна мыс концентратын өндіруге қауқарлы.
Аймақтар • 04 Қыркүйек, 2024
Жаңа оқу жылы Жамбыл облысында сән-салтанатымен басталды. Өңірде білім саласын дамытуға айрықша қолдау көрсетіліп отыр. Нақтырақ айтар болсақ, ағартушы саланы өркендетуге бөлінген қаражат өткен жылмен салыстырғанда 13,5 пайызға артқан. Жаңа оқу жылында облыста алты жаңа мектеп пайдалануға берілді.