Диқандар 2024 жылы 488,5 млрд. теңгенің ауыл шаруашылығы өнімін өндірді. 647 мың тонна тәтті түбір жиналып, 597 мың тоннасы қант зауыттарына өткізілді.
Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қайрат Көшеновтің айтуынша, өткен жылы ауа райының қолайлы болуы, шаруалардың агротехникалық шараларды жетік меңгеруі мен мемлекеттік қолдаудың тиімділігінің арқасында жалпы өнім көлемі 2023 жылмен салыстырғанда 3 есеге өскен.
«Соңғы 4 жылда 25 мың гектар алқаптан 650 мың тонна өнім жиналса, бұл өнімге фермерлер 1 жылдың ішінде қол жеткізіп, рекордтық өнім алды», – дейді ол.
Биыл 660 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастыру (2024 ж. - 626,7 мың гектар) жоспарлануда. Бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 33 мың гектарға көп. Көктемгі егіс жұмыстарына қажетті 55 мың тонна тұқым, 7317 дана ауыл шаруашылығы техникасы дайын тұр.
Жамбыл облысы