Оқиға • 27 Ақпан, 2025

Қаржы пирамидасы халықтың қалтасын қағып тұр

62 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алаяқтықтың алуан түрін меңгергендер қарапайым халықтың қалтасын қағып жүр. Әсіресе жылдар бойы жалғасып келе жатқан қаржылық пирамидалардың қақпанына түсетіндер әлі де азаяр емес. Осы жылдың алғашқы екі айының өзінде құзырлы органдар өңірде төрт қылмыстық іс тіркепті. Оның дені қаржылық пирамиданы заңға қайшы жарнамалау дерегі бойынша, деп жазады Egemen.kz.

Қаржы пирамидасы халықтың қалтасын қағып тұр

Жамбыл облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары Руслан Сатыбалдиевтің айтуынша, өткен жылы жәбірленушілердің шағымы негізінде қаржы пирамидаларын ұйымдастырушыларға қатысты 3 қылмыстық іс тіркеліпті.

«Соңғы үш жылда қаржы пирамидалары әрекеттерінен Жамбыл облысында 200-ден астам азамат зардап шекті. Бұл экономикалық тергеу қызметіне өтініш білдірген адамдардың саны ғана екенін айта кеткен жөн. 2023-2024 жылдары тергеп-тексеру барысында департаментпен қабылданған шаралар нәтижесінде, зардап шеккен азаматтарға 45 миллион теңгеден астам келтірілген залал өтелді. Мысалы, «Chia Tai» қаржылық пирамидалық ұйымын ұйымдастырушыға қатысты қылмыстық істі тергеу барысында сатып алынған пәтер түріндегі мүлік пен 10 млн тенгеден астам қаражат тәркіленді», дейді Р. Сатыбалдиев.

Жалпы, қаржылық пирамидалардың құрбанына айналған азаматтардың нақты санын дөп басып айту қиын. Ал, заңсыз жарнамаға қатысты осы жылдың басында 4 қылмыстық іс тіркелгенінің өзі алаңдатпай қоймайды...