Аймақтар • 26 Ақпан, 2025

Жамбыл облысында 626 адам жол ережесін бұзған

304 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жол қауіпсіздігін күшейту мақсатында Жамбыл облысында «Қауіпсіз жол» республикалық жедел алдын-алу іс-шарасы өткізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жамбыл облысында 626 адам жол ережесін бұзған

Фото: Fatua.kz

Рейдтік іс-шараның алғашқы күні полиция қызметкерлері жол ережесін бұзудың 626 дерегін анықтаған. Ереже бұзғандардың ішінде 4 азамат мас күйінде көлік құралын басқарғаны белгілі болып отыр.

«Жол ережелерін сақтамаған жүргізушілер аз емес. Мәселен, қауіпсіздік белдігін тақпағандар саны - 82, маневр жасау ережелерін бұзғандардың саны - 33, сондай-ақ көлік құралын басқару кезінде ұялы телефонды пайдаланғаны үшін 24 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды», дейді Жамбыл облыстық ПД ЖПҚБ бастығының орынбасары Орынбасар Жалдығараев.

Бұдан бөлек жолаушыларды заңсыз тасымалдаудың 3, жолаушыларды, бағажды және жүкті тасымалдау ережелерін бұзудың 5 дерегі анықталған. Ұзын саны 30 автокөлік айып тұрағына қойылған.

Жамбыл облысы