Спорт • 10 Қараша, 2021

Герасименко ITTF әлемдік рейтингісінде көрсеткішін жақсартты

155 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үстел теннисінен Қазақстанның бірінші ракеткасы Кирилл Герасименко 41-ші орынға көтеріліп, рейтингте бес позицияға көтерілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Герасименко ITTF әлемдік рейтингісінде көрсеткішін жақсартты

Қарағандылық спортшы осыдан бір апта бұрын Словенияда өткен халықаралық турнирде сәтті өнер көрсетуінің арқасында рейтингте бірнеше сатыға көтерілді.  Бірақ финалға жетіп, қытайлық Лян Цзиндуннан ұтылды.

Жаңа әлемдік рейтинг бойынша Герасименко өз активінде 3697 ұпайға ие, ал үстел теннисі әлемінде Қытай өкілі – Фан Чжэндун 12494 ұпаймен көш бастап тұр.

Қазақстандық қыздар арасында 167 орын алған Анастасия Лаврова мен 170 орында тұрақтаған Зәуре Ақашева үздік көрсеткіш көрсетті.

Барлық үш қазақстандық жақын арада АҚШ-та өтетін үстел теннисінен әлем чемпионатына қатысатын болады.