Қарағандылық спортшы осыдан бір апта бұрын Словенияда өткен халықаралық турнирде сәтті өнер көрсетуінің арқасында рейтингте бірнеше сатыға көтерілді. Бірақ финалға жетіп, қытайлық Лян Цзиндуннан ұтылды.
Жаңа әлемдік рейтинг бойынша Герасименко өз активінде 3697 ұпайға ие, ал үстел теннисі әлемінде Қытай өкілі – Фан Чжэндун 12494 ұпаймен көш бастап тұр.
Қазақстандық қыздар арасында 167 орын алған Анастасия Лаврова мен 170 орында тұрақтаған Зәуре Ақашева үздік көрсеткіш көрсетті.
Барлық үш қазақстандық жақын арада АҚШ-та өтетін үстел теннисінен әлем чемпионатына қатысатын болады.