Бес жүлде жиынтығы сарапқа салынып жатқан дүбірлі додада Қазақстанның намысын екі ойыншы қорғауда. Зәуреш Ақашева (әлемдік рейтингте 170-орында тұр) тұсаукесер кездесуінде Панамерика ойындарының жеңімпазы, Пуэрто-Риконың өкілі Даниеля Риосты (184) 4:1 есебімен жеңді. Енді 1/32 финалда ол жұптық сайыстағы Токио Олимпиадасының чемпионы, жапониялық Мима Итомен (3) шеберлік байқасады. Ал Анастасия Лаврова (167) аса шиеленісті бәсекеде Жасөспірімдер олимпиадасы мен жастар арасындағы әлем чемпионатының жүлдегері, румыниялық Андрея Драгоманға (252) жол берді. Есеп – 3:4.
АҚШ-тың Хьюстон қаласында үстел теннисінен әлем чемпионатының шымылдығы түрілді. Бұл жарыста ерлер мен әйелдерді қоса алғанда, барлығы 238 спортшы бақ сынайды.
Телефон аламын деп жинаған ақшасын Құлсарыға жіберген 11 жасар қыз сыйлыққа ие болды
Қоғам • Бүгін, 01:30
Павлодар облысында прокурордың көмекшісі өзіне қол жұмсады
Қоғам • Бүгін, 00:54
Қоғам • Бүгін, 00:37
Қаржы нарығы жасанды интеллектіге ден қойды
Қаржы • Бүгін, 00:33
Көрме • Бүгін, 00:25
Азамат, Аружан, Мәдина: Қазақстандағы ең танымал есімдер анықталды
Қоғам • Бүгін, 00:20