Бес жүлде жиынтығы сарапқа салынып жатқан дүбірлі додада Қазақстанның намысын екі ойыншы қорғауда. Зәуреш Ақашева (әлемдік рейтингте 170-орында тұр) тұсаукесер кездесуінде Панамерика ойындарының жеңімпазы, Пуэрто-Риконың өкілі Даниеля Риосты (184) 4:1 есебімен жеңді. Енді 1/32 финалда ол жұптық сайыстағы Токио Олимпиадасының чемпионы, жапониялық Мима Итомен (3) шеберлік байқасады. Ал Анастасия Лаврова (167) аса шиеленісті бәсекеде Жасөспірімдер олимпиадасы мен жастар арасындағы әлем чемпионатының жүлдегері, румыниялық Андрея Драгоманға (252) жол берді. Есеп – 3:4.
АҚШ-тың Хьюстон қаласында үстел теннисінен әлем чемпионатының шымылдығы түрілді. Бұл жарыста ерлер мен әйелдерді қоса алғанда, барлығы 238 спортшы бақ сынайды.
Семейде Шәкәрім Құдайбердіұлының ескерткіші бой көтерді
Әдебиет • Бүгін, 09:20
Жаңа тариф жергілікті халыққа тиімді
Табиғат • Кеше
Қарағанды облысында алты жасар бала өзенге батып кеткен
Төтенше жағдай • Кеше
Анасы түрмедегі ұлына телефон кіргізбек болған
Қоғам • Кеше