Аймақтар • 27 Қараша, 2021

Ақтөбе облысында төрт геолог жоғалып кетті

517 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе облысында төрт геолог жоғалып кетті. Кеше іздеу жұмыстары басталып, еурокоптер тікұшағы іске қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz ТЖД-ға сілтеме жасап.

Ақтөбе облысында төрт геолог жоғалып кетті

ТЖ департаментінде хабарлағандай, 25 қарашада геологтар Қарабұтақ кенті - Талдық ауылы - Қайыңды ауылы - Қайрақты ауылы бағыты бойынша «УАЗ» автокөлігімен жолға шықты. Соңғы рет олар 25 қараша күні кешке Талдық ауылына жетпей байланысқа шыққан.

«Әйтеке би ауданында төрт геолог іздестірілуде, олар 25 қарашада таңғы сағат 10-да Қарабұтақ кенті - Талдық ауылы - Қайыңды ауылы - Қайрақты ауылы бағыты бойынша «УАЗ» автокөлігімен шығып, байланысқа шықпады», деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.

Бүгінг 33 адамнан құралған бес іздеу тобы және сегіз техника іздеу жұмыстарына жұмылдырылып, Ақтөбе - Құмсай - Қайрақты - Қайыңды - Милысай - Аралтоғай бағыты бойынша «Қазавиақұтқару» еурокоптері ұшып шықты.