ТЖ департаментінде хабарлағандай, 25 қарашада геологтар Қарабұтақ кенті - Талдық ауылы - Қайыңды ауылы - Қайрақты ауылы бағыты бойынша «УАЗ» автокөлігімен жолға шықты. Соңғы рет олар 25 қараша күні кешке Талдық ауылына жетпей байланысқа шыққан.
«Әйтеке би ауданында төрт геолог іздестірілуде, олар 25 қарашада таңғы сағат 10-да Қарабұтақ кенті - Талдық ауылы - Қайыңды ауылы - Қайрақты ауылы бағыты бойынша «УАЗ» автокөлігімен шығып, байланысқа шықпады», деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.
Бүгінг 33 адамнан құралған бес іздеу тобы және сегіз техника іздеу жұмыстарына жұмылдырылып, Ақтөбе - Құмсай - Қайрақты - Қайыңды - Милысай - Аралтоғай бағыты бойынша «Қазавиақұтқару» еурокоптері ұшып шықты.