Әлем • Кеше

Қазақстандық видеограф Францияда «Үздік саяхатшы-блогер 2026» атағын жеңіп алды

1 мин
оқу үшін

Дастан Мұхамедрахым Францияның Канн қаласында өткен WIBA Travel Awards марапаттау рәсімінде «Үздік саяхатшы-блогер 2026» номинациясын жеңіп алды. Бұл туралы блогер өзінің жеке парақшасында жариялады деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстандық видеограф Францияда «Үздік саяхатшы-блогер 2026» атағын жеңіп алды

Абай облысында қазақ тілі мен әдебиет пәнінен мұғалім болған Дастан Мұхамедрахым қазіргі таңда әлемдегі танымал  жұлдыздармен жұмыс істеп жүр. Видеографтың жұмысына шет мемлекеттен қызығушылық өте жоғары.

Естеріңізге салайық, қазақстандық видеограф және тревел-блогер «Өрмекші адам: Жаңа күн» (2026 жылдың жазында шығады деп күтілуде) фильмінің әлемдік промокампаниясының қатысушысы болды. Ол картинаның трейлерін ұсынған танымал тұлғалардың қатарында болды. Аталған фильмнің басты рөлді сомдаушы том Холландтан өзі Дастанға жеке бейне хабарлама жіберіп, промокампанияға қатысуын сұраған еді.

Соңғы жаңалықтар