Әлем • Бүгін, 21:09

Конго Эбола вирусының кесірінен әлем чемпионатына қатыса алмауы мүмкін

1 мин
оқу үшін

Конго Демократиялық Республикасы ел аумағында эбола вирусының тарауына байланысты футболдан әлем чемпионатына бара алмай қалуы мүмкін. Бұған дейін ел билігі эболадан 177 адам қаза тапқанын мойындаған, деп хабарлайды Egemen.kz

Конго Эбола вирусының кесірінен әлем чемпионатына қатыса алмауы мүмкін

Биылғы әлем чемпионатын қабылдайтын АҚШ Конго тарапы вирустың тарауына байланысты қойылатын қажетті талаптарды орындауы тиіс екенін мәлімдеді.

– Конго Демократиялық Республикасы құрамасына 11 маусымда Хьюстон қаласына келмес бұрын 21 күндік оқшаулау режимін сақтау қажеттігін өте нақты түсіндірдік. Сонымен қатар, Конго үкіметіне бұл талап орындалмаса, АҚШ-қа кіруге рұқсат берілмеуі мүмкін екенін де ашық айттық, - деді Ақ үй әкімшілігінің әлем чемпионатына дайындық бойынша тобының атқарушы директоры Эндрю Джулиани.

Естеріңізге салайық, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Конгодағы Эболаға қатысты жағдайдың күрт нашарлағанын хабарлаған болатын. Ұйым елде індетті жұқтыру қаупі «өте жоғары» деп бағалап отыр. ДДҰ басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус індеттің ауқымы бұрын ойлағаннан әлдеқайда кең екенін ескертті.

Соңғы жаңалықтар