Қоғам • 24 Желтоқсан, 2021

Орнықты даму мақсаттарына жету жолдары

388 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

StopMusor әлеуметтік жобасы аясында Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы «Экономика қызметіндегі орнықты даму мақсаттары» атты халықаралық конференция өткізді. Конференцияда Орнықты даму мақсаттарына (ОДМ) қол жеткізу үшін азаматтық қоғамның белсенді қатысуымен бизнесті ынталандыру құралдарын әзірлеу және тұрақты өзара әрекеттесудің тиімді механизмдері талқыланды.

Орнықты даму мақсаттарына жету жолдары

Конференцияның ашылуында қауымдастықтың басқарма төрағасы А.Соловьева бұл алаңның барлық қатысушы үшін пайдалы болатынына сенімді екенін жеткізді. «Өйткені орнықты даму мақсаттары білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау және жұмысқа орналастыру, сондай-ақ климаттың өзгеруімен және қор­шаған ортаны қорғаумен күрес саласындағы бірқатар мәселені ше­шуге бағытталған. Ал біздің қауым­дастық іске асырып жатқан StopMusor жобасы көшедегі қоқыс санын азайту бойынша экологиялық проблеманы шешуге ықпал етеді», деп атап өтті.

Конференция жұмысына Пар­ламент Мәжілісінің депутаты Е.Абақанов, РФ-дағы UN Global Compact кеңсесінің «Жаһандық шарттың ұлттық желісі» қауым­дас­тығының даму жөніндегі директоры Л.Овчинникова, Еуразия­лық экономикалық комиссияның Тех­никалық реттеу және аккредит­теу департаментінің директоры Т.Нұрашев қатысты.

Т.Нұрашев өзінің құттықтау сө­зінде: «Одақ мақсаттарының бірі – қатысушы мемлекеттердің тұрғындарының өмір сүру деңгейін арттыру мүддесінде олардың экономикасын тұрақты дамыту үшін жағдай жасау. Бұл ОДМ-мен тікелей байланысты. Мақсаттарды іске асыру үшін қатысушы мемлекеттер экономиканың белгілі бір салалары бойынша үйлестірілген, келісілген және бірыңғай саясат жүргізеді және одаққа тиісті құзыреттер бе­ріледі. Техникалық реттеу – одақ­тың бірыңғай саясаты жүзеге асыры­латын екі бағыттың бірі. Бұл өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Техникалық реттеу құралдары арқылы болашаққа қойылатын талаптарды ұсынып отырмыз, яғни біздің тұтынушымыз қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін не істеуі керек, сонымен қатар оның тұрақты дамумен тікелей байла­нысты неғұрлым қолайлы ортада өмір сүруі үшін не істеуі керек деген сауалдарға жауап беру», деді.

Конференцияның бірінші күні Ресей, Қырғызстан және Қазақ­стан­ның мемлекеттік органдары, білім беру мекемелері, бизнес және азаматтық қоғам өкілдері №3 ОДМ «Саламатты өмір салтын қамтамасыз ету»; №4 ОДМ «Сапалы білім беру»; № 12 ОДМ «Жауапты тұтыну және өндіріс» мәселелерін талқылады.

Барлық қатысушы ОДМ-ға тиім­ді қол жеткізу үшін ЕАЭО дең­ге­йінде тұрақты өзара іс-қи­мыл­­дың, тә­жірибе алмасудың ма­ңыз­дылығы мен қажеттігін атап өтті. Мәселен, 2020 жылы бекітілген ЕАЭО интеграция стратегиясы шең­бе­рінде ОДМ жауап беретін стра­те­гиялық бағыттардың бірі ретінде цир­ку­лярлық экономиканы іске асыру моделі көзделген.

Екінші күні барлық қатысу­шы, белсенді мен волонтер үшін тәжірибелі тренерлерді тарта отырып: «Үй жағдайында қалдықтарды бөлек жинау қағидаларын енгізу»; «Әлеуметтік желілер үшін бейне­контентті құру бойынша мастер-класс – вирустық бейнероликтің құ­пиялары»; «Нетворкинг бойынша мас­тер-класс» және «Көшбасшылық қасиеттерді дамыту. Көпшілік алдында сөйлеу дағдылары» атты тақырыптарда онлайн-тренингтер өткізілді.