Қоғам • 18 Наурыз, 2022

«Дикий Арманды» қамауға алу мерзімі ұзартылды

1023 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Криминалдық авторитет «Дикий Арманды» қамауға алу мерзімі 7 сәуірге дейін ұзартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Дикий Арманды» қамауға алу мерзімі ұзартылды

«Иә, Арман Жұмагелдиевті қамауға алу мерзімі 7 сәуірге дейін ұзартылды. Тергеу жалғасуда», деп түсіндірді ведомствоның баспасөз қызметінен.

Еске салайық, 7 қаңтарда Алматыда полицейлер «Дикий Арман» лақап атымен танымал қылмыс әлемінің серкесі Арман Жұмагелдиевті ұстады.

Кейін ҚР Бас прокуроры Берік Асылов «Дикий Арманның» қылмыстық тобының қаңтар оқиғасына қатысы бар екенін айтты.