Аймақтар • 17 Сәуір, 2022

Атырау облысында тасқын судың беті қайтты

323 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы облыс әкімі Серік Шәпкенов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырау облысында тасқын судың беті қайтты
Судың деңгейі Миялы-Қарабау-Индер тасжолы жырылғаннан кейін төмендеген.  

Қазір Ойыл өзенің суы Қамыскөлден әрі қарай Жарыпшыққанға құйып Тайсойған ауылына қарай ағуда. Ауылдың айналасындағы сайларға су тола бастаған.

Миялы ауылымен Жангелдин, Ойыл, Көздіғара, Тасшағыл, Қаракөл, Қызылқоға  ауылдық округтерімен байланыс үзілген жоқ. Шұғыл шаруалары бар тұрғындарды қайықпен өткізу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Бүгінге дейін Миялы мен Жангелдин ауылы арасында 200-ге жуық тұрғын қайықпен өткізілген.
 
Аудандық полиция бөлімінің күшімен қоғамдық тәртіпті сақтау жұмыстары жүргізілуде.