Қазір Ойыл өзенің суы Қамыскөлден әрі қарай Жарыпшыққанға құйып Тайсойған ауылына қарай ағуда. Ауылдың айналасындағы сайларға су тола бастаған.
Миялы ауылымен Жангелдин, Ойыл, Көздіғара, Тасшағыл, Қаракөл, Қызылқоға ауылдық округтерімен байланыс үзілген жоқ. Шұғыл шаруалары бар тұрғындарды қайықпен өткізу жұмыстары жүргізіліп жатыр.