Еңбек • Бүгін, 17:33

Соңғы бес жылда 4 мыңнан астам білікті маман елден кеткен

30 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елімізге білікті кадрлардың келуіне байланысты соңғы жылдары мамандар арасындағы көші-қон сальдосы оң бағытқа ауыса бастады. Алайда соңғы бес жылда еліміз техникалық мамандарды, экономистерді және педагогтерді қоса алғанда 4 мыңнан астам маманды жоғалтқан, деп хабарлайды Egemen.kz.

Соңғы бес жылда 4 мыңнан астам білікті маман елден кеткен

Фото: Ашық дереккөз

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2025 жылдың қорытындысы бойынша елге 15 жастан асқан, кәсіби білімі бар 7,9 мың адам келген, ал 3,6 мың адам елден кеткен. Таза көші-қон өсімі 4,2 мың адамды құрады.

Дегенмен білікті мамандар бойынша жағдай әлі де күрделі күйінде қалып отыр. 2021-2025 жылдар аралығында 15 жастан асқан мамандар арасындағы сыртқы көші-қонның жиынтық сальдосы небәрі 374 адамды құрады. Яғни ел бұрынғы шығындарының тек бір бөлігін ғана өтей алған.

Экономика үшін маңызды салаларда Қазақстан соңғы бес жылда мамандар тапшылығын сезінген. Ең үлкен тапшылық техникалық кадрлар арасында тіркелді: бес жыл ішінде кеткендер келгендерден 2,1 мың адамға көп болды.

Сондай-ақ экономистер, педагогтер мен медицина қызметкерлері арасында маман жетіспеушілігі тіркелген. Яғни ел адами капитал сапасына тікелей әсер ететін негізгі салаларда кадр жоғалтуды жалғастырған.

Енді медицина түлектеріне резидентураны өтпей-ақ жұмыс істеуіне рұқсат беріледі

Ұлттық статистика бюросының дерегіне сүйенсек, биыл оң динамика сақталып отыр. 2026 жылдың қаңтар-наурыз айларында елге 1,6 мың адам келген. Алайда жағдайдың түбегейлі өзгергені туралы айту ерте дейді мамандар.

Негізгі мәселе сол күйінде қалып отыр. Қазақстан қазіргі заманғы экономика үшін аса маңызды салалардағы кадрлық шығынды толық өтеген жоқ.

Еске сала кетейік, жауапты министрлік бұған дейін кадр тапшылығын азайту мақсатында шетелдік мамандарды жұмысқа орналастырудың жеңілдетілген тәртібін қарастырған болатын. 

Соңғы жаңалықтар