Құтқарушы • Кеше

Алматы облысында тауда адасып кеткен 74 жастағы зейнеткер құтқарылды

1 мин
оқу үшін

Алматы облысының Талғар ауданындағы «Ақбұлақ» тау шаңғысы курорты аумағында тауға аспалы жолмен көтерілгеннен кейін адасып кеткен 74 жастағы әйелге құтқарушылардың көмегі қажет болды, деп хабарлайды Egemen.kz

Алматы облысында тауда адасып кеткен 74 жастағы зейнеткер құтқарылды

Оқиға орнына ТЖМ құтқарушылары мен ТЖМ «Барыс» республикалық жедел-құтқару жасағының қызметкерлері жедел аттанды. Аспалы жолмен жоғары көтерілген олар таулы аумақты тексеруге кірісті.

Павлодарда қамыс арасында 2 тәулік қалып қойған зейнеткер құтқарылды

Іздестіру-құтқару жұмыстарының нәтижесінде егде жастағы әйел, бақылау алаңынан шамамен 3 шақырым төмен жерден табылды. Құтқарушылар оны қауіпсіз жерге алып шықты.

Зейнеткердің жағдайы қанағаттанарлық болды. Оған медициналық көмек қажет болған жоқ.

Соңғы жаңалықтар