Аймақтар • 20 Мамыр, 2022

Блогерлер бәсекесі

263 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлытау ауданында 8-10-сыныптардың оқушылары арасында өткен «Үздік блогер» байқауында Назерке Әбжамал топ жарып шықты. Дарынды жас қазылар алқасының талқысына «Менің өмірімнің бір күні» атты блогын ұсынған болатын.

Блогерлер бәсекесі

Жеңімпаздың бес минуттан тұратын ролигінде қолға алған тақырып кеңінен қамтылған. Мысалы, өзінің еңбегінде ол бір күндік кестені көрсетіп қана қоймай, білім жолындағы ізденісінің де жай-жапсарын жан-жақты аша алған.

Назерке Абжамал Ұлытау­дағы №1 тірек мектебінің 9-сыныбында оқиды.

– Бесінші сыныптан бас­тап бейнетүсірілім мен әлеу­­­меттік желілердегі өз ролик­­те­рімді жарнамалаумен айна­­лы­­сып келемін. Бір жылдан бері мек­тептің Instagram-парақ­ша­сын жүргіземін, – дейді Назерке.

Байқауды ұйымдастыру­шылардың бірі Ulytau Media School жас журналистер мен блогерлер жетекшісі Думан Әден сайыста 56 үміткердің бақ сына­ғанын айтады.

– Байқау «Балалар жылы» аясында ұйымдастырылып, 56 қатысушының арасынан 33 оқушының блогтары таң­дап алынды. Олардың жұмыстарын құрамына білікті мамандар енген қазылар алқасы бағалады. Бірінші орынды №1 тірек мектебінің оқушысы Назерке Әбжамал алса, екінші жүлдені №11 ЖББОМ  8-сынып оқушы­сы Гүлзат Шүкірова және үшін­ші орынды №1 тірек мек­тебінің 10-сынып оқушысы Мар­жан Шабаз иеленді, – деді ол.

Жеңімпаздар мен жүлде­герлер дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ байқаудың жеңімпазы «Ұлт ұясы – Ұлы­­­тау» туристік өлкетану экспеди-

циясына жолдама алса, екінші және үшінші жүл­де иегерлері «Дала LIFE» этнола­герінде дем­алатын болды.

 

ҚАРАҒАНДЫ