Референдум-2022 • 02 Маусым, 2022

Әр азаматтың қасиетті борышы

176 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Ауыл» халықтық демократиялық патриоттық партиясы Қостанай облыстық филиалының кеңейтілген отырысында алдағы жексенбіде өтетін референдумның мән-маңызы талқыланды. Жиынға партия мүшелерімен бірге, ауылда кәсіп етіп жатқан шағын бизнес өкілдері мен қоғам белсенділері, аталмыш оқу орнының ғалым-ұстаздары қатысып, Ата Заңға енгізілмек өзгерістер мен толықтырулар төңірегінде ой бөлісті.

Әр азаматтың қасиетті борышы

Партия отырысын ашқан фи­лиал төрағасы, экономи­ка ғы­­лымдарының докторы Сәбит Есмұра­тов алдағы саяси науқанның азаматтық қо­ғам қалыптастырудағы орны ерекше еке­нін атап өтіп, 5 маусым­да сайлау учаскесіне барып, тікелей дауыс беру ел тағдырына бей­жай қарамайтын әрбір тұр­ғын­ның азаматтық борышы екенін баса айтты.

– Бүгінде партия мүшелері ауыл-ауылды аралап, ауыл­шар­уашылық құрылымдары ұжым­да­рымен кездесіп, референдум төңірегінде сөйлесіп, пікір алысып, қарапайым тұрғындардың түсінбеген дүниелерін бірлесіп талқылап, түсіндіру жұмыстарын атқарып жатыр. 5 маусым – ел­ді­гіміз бен бірлігіміз сыналатын аса жауапты, маңызды күн. Осыны дұрыс түсінген ауыл жұрт­­­шылығы референдумға бір кісі­дей қатысып, дауыс беруге дайын отыр, – деді партия фи­лиа­лының төрағасы.

М.Дулатов атындағы Қоста­най инженерлік-эконо­ми­ка­лық университетінің профес­соры Раиса Притула бұл жолғы референдумды «жаппай ре­фор­ма­лар­дың бастауы» деп ба­ғалап, алдағы саяси науқанның нәти­жесінде мемлекеттік жүйе­дегі демократиялық инсти­тут­тар­дың белсенділігі арта түсе­тінін алға тартты.

Облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі Денис Качеевтің пікі­рін­ше, алдағы жексенбі бүкіл ел болып Жаңа Республиканың ірге­тасын қалайтын күн.

– Қазақстан Конституциясы ұлттық саяси-құқықтық жүйенің өзегі, елдің мемлекеттілігі мен егемендігінің құқықтық негізі, Адам бостандығы мен мемлекет мүддесінің кепілі. Референдум – халық билігінің айқын үлгісі, әрбір қарапайым тұрғынның өз азаматтық ұстанымын білдіру арқылы Жаңа Қазақстанды құ­ру­ға тікелей үлес қосуының жар­қын көрінісі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жаңа Қазақстанды, Екінші республика құру идеясының референдум өткі­зуден бастау алуы ел да­муын­­да ерекше орын алатын та­ри­­хи оқиға, – деді Д.Качеев.

Жиын соңында «Ауыл» ха­лық­тық демократиялық пат­риот­тық партиясының өкіл­дері бір­қа­тар кәсіпкерлер мен ұс­таздар қойған сауалдарға жауап берді.

 

Қостанай облысы

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қанша ер мұғалім бар?

Қазақстан • Бүгін, 10:10

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024