Медицина • 13 Маусым, 2022

МРТ орталығы ашылды

311 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазалы теміржол ауруханасында маг­нитті-резонанстық томография орта­лығы ашылып, 3D/4D режіміндегі ультра­дыбыстық зерттеу аппараты іске қо­сылды. Осыған қатысты өткен жиында аурухана басшысы Құбыл Ршымбетов жаңа орталықтағы құрылғылардың мүм­кін­діктерін көрсетті.

МРТ орталығы ашылды

Салтанатты іс-шарада сөз алған аудан әкімі Мұхтар Оразбаев осыған дейін мұндай құрыл­ғыға түсетіндер жүздеген шақырым жол жүріп, облыс орталығына қатынап келгенін айтып өтті. Әрине, ауырмағанға не жетсін. Бірақ енді МРТ-ға түсетін аудан тұрғындары уақыт пен қаржы жұм­сап, Қызылордаға сабылмайтын болды. Жа­ңа орталық қызметкерлері арнайы оқытудан өткен.

Жиында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбит Пазылов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекбанов құттықтау сөз сөйледі.

Дәрігерлер Оңтүстік Корея және аустриялық заманауи құрылғының аурудың алдын алуда тигізер септігі көп екенін айтады. Нұр-Сұл­тан, Алматы, Қызылорда қалаларында білі­мін жетілдірген мамандар МРТ арқылы жүйке, тірек-қимыл жүйесі, омыртқа мен жұлын­ның туабіткен патологияларын, акушер­лік, гинеко­логиялық ауруларды анықтап, науқас­тарға дәл диагноз қойылып, емдеу шаралары жүргізіледі.

 

Қызылорда облысы