Салтанатты іс-шарада сөз алған аудан әкімі Мұхтар Оразбаев осыған дейін мұндай құрылғыға түсетіндер жүздеген шақырым жол жүріп, облыс орталығына қатынап келгенін айтып өтті. Әрине, ауырмағанға не жетсін. Бірақ енді МРТ-ға түсетін аудан тұрғындары уақыт пен қаржы жұмсап, Қызылордаға сабылмайтын болды. Жаңа орталық қызметкерлері арнайы оқытудан өткен.
Жиында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбит Пазылов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекбанов құттықтау сөз сөйледі.
Дәрігерлер Оңтүстік Корея және аустриялық заманауи құрылғының аурудың алдын алуда тигізер септігі көп екенін айтады. Нұр-Сұлтан, Алматы, Қызылорда қалаларында білімін жетілдірген мамандар МРТ арқылы жүйке, тірек-қимыл жүйесі, омыртқа мен жұлынның туабіткен патологияларын, акушерлік, гинекологиялық ауруларды анықтап, науқастарға дәл диагноз қойылып, емдеу шаралары жүргізіледі.
Қызылорда облысы